2016 жылғы Еуропа чемпионатында әлем көрермендерінің көзайымына айналған Исландия құрамасы Ресейде өтетін Әлем чемпионатына қатысатын құрамын жариялады, деп хабарлайды prosports.kz сайты.Мұзды аралдық мықтылары осыдан екі жыл бұрынғы ерліктерін қайталау үшін барын салатын болады. Құраманың бас бапкері Хеймир Хадльгримссон осы ауыр міндетті арқалайтын 23 футболшының есімін атады.

Қақпашылар: Ханнес Халлдорсон (Раннерс), Рунар Рунарссон (Нордшелланд), Фредерик Шрам (Роскилле);

Қорғаушылар: Кари Арнасон (Абердин), Ари Скуласон (Локерен), Биркир Севарссон (Валюр), Сверрир Ингасон (Ростов), Хордур Магнуссон (Бристоль Сити), Холмар Эрйолфссон (Левски), Рагнар Сигурдссон (Ростов), Самуэль Фридьонссон (Волеренга);

Жартылай қорғаушылар: Йоханн Гудмундссон (Бернли), Биркир Бьярнасон (Астон Вилла), Арнор Траустасон (Рапид), Эмил Холлфредссон (Удинезе), Гилфи Сигурдссон (Эвертон), Олафур Скуласон (Карабюкспор), Арон Гуннарссон (Кардифф Сити);

Шабуылшылар: Альфред Финнбогасон (Аугсбург), Бьорн Сигурдарсон (Ростов), Йон Бодварссон (Рединг), Рюрик Гисласон (Нюрнберг), Альберт Гудмундссон (ПСВ).

Естеріңізге сала кетейік, Исландия құрамасы Әлем чемпионатында Аргентина, Нигерия және Хорватия құрамаларымен бір топта өнер көрсетеді.