Instat аналитикалық компаниясы 9-шы тур аясында өткен «Астана» - «Қызыл-Жар СҚ» (2:0) арасындағы ойынның нәтижелерін жариялады.

Ойыншылардың барлық статистикалық көрсеткіштерін есептейтін Instat Index компаниясының мәліметтері бойынша Марин Томасов осы кездесудің үздік ойыншысы атанды. Хорватиялық ойыншысы қақпаға соққы бағыттау көрсеткіші бойынша үздік шығып, өз еншісіне нәтижелі пас пен гол жазған еді.

Екінші орынша шабуыл шебінің тағы бір өкілі – Патрик Твумаси. Ганалық ойыншы солтүстік-қазақстандық команда қақпасына тура төрт соққы бағыттап, айып алаңына пас асыру көрсеткіші бойынша үздік шықты.

Осы көрсеткіштер бойынша үшінші орында Дмитрий Шомко. «Астана» қорғаушысы команданы капитандық белгімен алаңға бастап шығып, аталмыш кездесуде пас беру көрсеткіші бойынша үздік нәтиже көрсетті - 77%. Шомко шабуыл мен қорғаныста қатар өнер көрсетіп, қарсылас айып алаңына 14 мәрте пас асырған. Бұл командалас әріптесі Патрик Твумасиден кейінгі екінші үздік нәтиже.

Instat Index бойынша үздік бестік:

1.Марин Томасов 327

2.Патрик Твумаси 295

3. Дмитрий Шомко 278

4. Евгений Постников 261

5. Иван Маевский 254