Кеше Ливан астанасы Бейрутта дзюдодан кадеттер арасында Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды дзюдо федерациясының баспасөз қызметі.

Байрақты бәсекенің бірінші күнінде қазақстандық дзюдошылар 2 алтын, 2 күміс, 3 қола медальға қол жеткізді:

Алтын — Шерзод Давлатов (55 кг)Алтын — Данияр Шамшиев (60 кг)Күміс — Нұрдаулет Аманқосов (50 кг)Күміс — Құндыз Жылқыбай (40 кг)Қола — Аяулым Қуанышова (48 кг)Қола — Толғанай Абеуова (52 кг)Қола — Алмас Уали (66 кг)

Қазақстан жасөспірімдер (кадеттер) құрамасының аға жаттықтырушылары — Ғайнулла Есенғалиев және Бақытжан Төребеков.