7 шілде күні Астанада өтетін қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменовтің жекпе-жегіне қатысатын атақты адамдар қосымша ақпараттар пайда болды, деп хабарлайды 24.kz «SPORTINFORM» сайтына сілтеме жасай отырып .

Белгілі болғандай, аламан кештің жүргізушісі болып әйгілі ринг-анонсшы Майкл Баффер бекітілді. Сондай-ақ іс-шараға кәсіпқой бокстан әлемнің бұрынғы және қазіргі чемпиондары Роберто Дюран, Эвандер Холифилд, Хуан Мануэль Маркес, Дэвид Хэй және Хорхе Линарес қатысады. Ал Snoop Dogg, 50 Cent, Тимати және Қайрат Нұртас кешті әсем әнмен әсерлейтін болады.

Өту орны: «Барыс Арена» мұз айдыны сарайы. Бокс кеші Астананың 20 жылдығына тарту етіледі.