Кездесу алдындағы баспасөз-маслихатында «Шахтердің» бас бапкері Виктор Кумыков журналистердің сұрақтарына жауап берді.
 
«Қиын матч күтуде. «АЗ» ел біріншілігінде көш бастап келе жатқанын жақсы білеміз. «Аякс», «ПСВ» секілді мықты клубтардан басым түскен. Дегенмен жақсы ойын көрсетеміз деген ойдамын. Голландияға 15 ойыншымен келдік. Біраз ойыншыларымыз жарақаттарына байланысты Қазақстанда қалды. Плей-оффқа шығу мүмкіндігін жіберіп алмауға тырысамыз. Ұзақ сапар шектік. Жол - 14 сағат уақыт алды. Роттердамнан Алкмаарға жету үшін екі сағаттай кетті. Команда тарихындағы ең ұзақ сапар осы шығар».
 
Артынша, кеншілер шабуылшысы Игорь Зенкович: «Мен үшін бұл жақсы мүмкіндік. Өйткені  Еурожарыстарда аз ойнаймын. Сол себепті мен үшін өмірдегі маңызды кездесулердің бірі екені сөзсіз. Жеңіс үшін барымды салам» деді.