Атырау қаласында өткен «Атырау» - «Ақтөбе» (1:1) кездесуінде жартылай қорғаушы Асланбек Кәкимов ақтөбелік клуб сапында Қазақстан чемпионатындағы 50-ші матчын өткізді, деп хабарлайды отандық басылымдар.

24 жастағы Ақтөбе футбол мектебінің түлегі Премьер лигадағы алғашқы кездесуін осыдан екі жыл бұрын өткізді. 2016 жылы 12 наурыз Шымкент қаласында жергілікті «Ордабасы» (1:3) командасына қарсы ойында алаңға шыққан болатын.