Грузия астанасы Тбилисиде «UEFA Даму Кубогы» халықаралық турнирі аяқталды, деп жазады футбол федерациясының ресми сайты.

Алғашқы кездесуде қазақстандық жасөспірімдер алаң қожайындарымен ойнады. Грузия U-17 құрамасы бір гол артық соғып, жеңіске жетті. Есеп - 3:2.

Екінші ойында біздің футболшылар Беларусь құрамасына жол берді - 0:3.

Турнирдің соңғы күнінде Қазақстан құрамасы Румыниямен жолықты. Бұл жолы да қарсыластар 3:1 есебімен жеңіске жетті.

17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының турнирдегі құрамы:

Қақпашылар: Владимир Бирюков, Әділ Жанайдар (екеуі де – «Қайрат»), Константин Пузанов («Динамо» Минск).

Қорғаушылар: Абдулла Шен, Егор Ткаченко, Александр Ни, Влад Бутырин, Александр Широбоков, Роман Балута, Лев Кургин, Арсен Азатов (барлығы – «Қайрат»), Юрий Аханов («Астана»), Асқар Сатышев (Академия «Оңтүстік»), Исмат Шакиров («Монтажник»).

Жартылай қорғаушылар: Дарын Ергешев, Қаһарман Хасанов, Ринат Серікқұл, Әділхан Добай, Димаш Нышантай (барлығы – Академия «Оңтүстік»), Денис Митрофанов («Алтай»), Ален Айманов, Айбар Құсайынов, Александр Бовкун (барлығы – «Қайрат»).

Шабуылшылар: Юрий Рогальский («Ертіс»), Арман Алтаев («Қайрат»).

Резерв: Қайрат Жақыпбеков, Омар-Васил Нұртаев, Ғалымжан Кенжебек (барлығы – «Қайрат»), Айдос Белгібаев («Ертіс»).

Жаттықтырушылар штабы:

Аға бапкер - Игорь Свечников, аға бапкердің көмекшісі - Иван Азовский, аға бапкердің көмекшісі - Ерлан Махамбедиев, қақпашылардың жаттықтырушысы - Николай Родионов, дәрігер -Сергей Елисеев, массажист - Марат Табақабылов, менеджер - Александр Брейткрейц.