Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) жаңа рейтингісі жарияланды.

Көш бастап тұрған үздік үштік мынадай: Симона Халеп (Румыния), Каролин Возняцки (Дания), Гарбинье Мугуруса (Испания).

Қазақстандық теннисші қыздар арасынан Зарина Дияс 54-ші, Юлия Путинцева 86-шы сатыға орналасқан. Тағы бір теннисшіміз Ярослава Шведова 130-шы орында тұр. Ал Галина Воскобоеваның көрсеткіші 350-ші орын.