Бүгін Словакияның Трнава қаласында «Slovakia Cup-2018» турнирі басталды, деп хабарлайды prosports.kz сайты.Аталған турнирдегі алғашқы матчында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (U19) ойсырай ұтылды. АҚШ-тан келген жас футболшылар біздің жігіттерді 8:0 есебімен тас-талқан етті.Александр Кузнецов бастаған жігіттер бұрын-соңды мынадай масқара жеңіліске ұшырап көрмеген. Қайта халықаралық турнирлерде тәп-тәуір өнер көрсетіп, қазақ футболының болашағынан үлкен үміт күттіретін.Өкіншіке орай, осы жолы Кузнецов бапкер де қатты сәтсіздікке ұшырады. Бұған себеп, команда сапындағы ойыншылар құрамында өзгерістер көп. Словакияда жаңа есімдерді ашуды басты мақсат ететінін Кузнецовтың өзі атап өткен болатын.Сонда да, жанүйерлер дәл мынадай сүреңсіз ойын күтпеген еді. Мұхиттың арғы бетінен келген футболшылар біздің жасөспірімдер құрамасын аяған жоқ.

«Slovakia Cup-2018» турниріндегі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының ойын кестесі:

7 мамыр. АҚШ - Қазақстан - 8:0 (2:0)

8 мамыр. Чехия - Қазақстан

10 мамыр. Қазақстан - Украина