«Қайрат» командасының бразилиялық жартылай қорғаушысы Исаэль Барбоза бұрынғы командаласы Жерар Гоу салған жолмен Қытай асуы мүмкін, деп хабарлайды prosports.kz сайты.Бұл туралы футболшының агенті Сергей Новиков prosports.kz тілшісіне берген сұқбатында айтты.- Бұқаралық ақпарат құралдары Сіздің клиентіңіз Жерар Гоудың Қазақстан азаматтығын алып, ұлттық құрамада ойнауы жайлы жазып жүр. UEFA ережелері бойынша Гоу біздің құрамамызда өнер көрсете ала ма?- Жерар Кот-д'Ивуар ұлттық құрамасының оқу-жаттығу жиындарына ғана қатысқан. Бұдан бөлек ресми емес турнирде жастар құрамасында доп тепкен. Демек, егер ол Қазақстан азаматтығын алса, оның Қазақстан ұлттық құрамасы үшін ойнауына еш кедергі жоқ.- Жерар Гоудың жақын досы Исаэль әлі «Қайраттың» жейдесінде өнер көрсетіп жүр. Алайды, бұл футболшының алматылық клубпен келісімшарты биыл аяқталады. Исаэль келесі маусым Жерардың жанына баруы мүмкін бе?

- Мен бірнеше апта бұрын Қытайда болдым. «Бэйцзин Энтерпрайзес» командасының басшыларымен сөйлестім. Олар Исаэль сынды «10-шы номерге» өте мұқтаж. Әрі олар Барбозаны бақылауда ұстап отыр.