Талдықорған қаласында өткен «Жетісу» - «Қайрат» (3:1) кездесуінде қорғаушы Ғафуржан Сүйімбаев алматылық клуб сапында Қазақстан чемпионатындағы 50-ші матчын өткізді, деп хабарлайды prosports.kz сайты.27 жастағы футболшы «Қайратқа» 2016 жылы ауысып келген болатын. Сол уақыттан бері ел чемпионатында 50 матч өткізіп, 4 гол соқты.Ал жалпы мансабында Қазақстан Премьер-Лигасында 191 рет алаңға шығып, 7 гол соққан.