25 сәуірден 6 мамырға дейін Шымкентте өткен әйелдер арасындағы Қазақстан кубогы додасы мәресіне жетті.

Қазақстан кубогын бес команда сарапқа салды. Олар топтық кезеңде айналымдық жүйе бойынша бір-бірімен кездесіп шықты. Яғни әр команда төрт ойыннан өткізді.

Сөйтіп топтық кезеңде кезеңнің қорытындысы бойынша финалда «БИІК-Қазығұрт» және «Оқжетпес» командалары додаға түсті. Ал үшінші орынға СДЮШОР № 7 (Шымкент) және ОСДЮСШ № 2 (Ақтөбе) қыздары таласты.

«БИІК-Қазығұрт» – «Оқжетпес» – 1:0

Гол: Гүлнара Габелия, 59.