Грузия астанасы Тбилисиде «УЕФА Даму Кубогы» халықаралық турнирі аяқталды.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Румыниямен кездесіп, 1:3 есебімен есе жіберді. Біздің командадағы жалғыз голды Айбар Құсайынов соқты.

Румыния U-17 — Қазақстан U-17 3:1

Қазақстан U-17 құрамасының негізі құрамы: Пузанов, Шен, Добай, Хасанов (к), Азатов, Нышантай, Сатышев, Бутырин, Құсайынов, Ергешов, Балута.