«Манчестер Ситидің» фанаттары ағылшын Премьер-лигасының 37-турындағы «Хаддерсфилд Таунға» қарсы матчта «Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы бас бапкері Алекс Фергюсонға қолдау көрсетті.

Естеріңізде болса, Фергюсонның миына қан құйылып, ота жасатқан болатын. «Ситидің» жанкүйерлері «Футболды ысырайық. Тек жазыл, Ферги» деген жазуы бар баннер жасады.