Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин (96) Испания астанасында өтіп жатқан «Mutua Madrid Open» турнирінің негізгі кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды prosports.kz.

Отандасымыз іріктеу сатысының екінші матчында сербиялық Виктор Троицкиді (71) жеңді.

1 сағат 34 минутқа жалғасқан кездесу 7:6, 6:1 есебімен қазақстандықтың пайдасына шешілді.