«Ертіс» ФК сапындағы нигериялық форвард Шымкенттегі ойыннан кейін өз пікірімен бөлісті.

-Кездесуден кейін өз-өзіме келе алмадым. Гол соғу мүмкіндігін мүлт жібергенім үшін, түңіліп кеттім. Ойыныма көңілім толмады. Әрбір матчтан кейін, команданың өнер көрсетуі жақсарып келеді. Көптеген шабуылдар ұйымдастырамыз, бірақ нәтижеге жеткізе алмай жатырмыз.

Жанкүйерлеріміздің жүзінен тым болмаса күлкі көріну үшін, барымызды салып еңбек етеміз. Масқарадай сәтсіздіктер орын алуда. Алдағы ойындар нәтижелі болады деп сенемін