Шымкент қаласында 25 сәуір мен 6 мамыр аралығында әйелдер командалары арасында Қазақстан Кубогының ойындары өтті.

Қазақстан Кубогының жүлдесіне бес команда таласты. 17 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы, «БИІК-Қазығұрт» (Шымкент), СДЮШОР № 7 (Шымкент), «Оқжетпес» (Көкшетау) және ОСДЮСШ № 2 (Ақтөбе).

Топтық кезеңде командалар бір-бірімен кездесті. Бұл кезеңнің қорытындысы бойынша финалға «БИІК-Қазығұрт» және «Оқжетпес» командалары өтті.

Топтық кезең

Орын

Командалар

О

Ж

Т

Ж

Д/а

Ұ

1

«БИІК – Қазығұрт»

4

4

0

0

27-0

12

2

«Оқжетпес»

4

3

0

1

9-2

9

3

СДЮШОР № 7

4

2

0

2

4-9

6

4

ОСДЮСШ № 2

4

1

0

3

6-20

3

5

Қазақстан қыздар құрамасы U17

4

0

0

4

1-16

0

Үшінші орын үшін шымкенттік СДЮШОР № 7 мен ақтөбелік ОСДЮСШ № 2 командалары таласты. Айша Садықова соққан голдың арқасында Шымкент футболшылары жеңіске жетті.

Финалдық матч «БИІК-Қазығұрт» жеңісімен аяқталды – 1:0. Жеңіс голының авторы - Гүлнара Габелия.

3-орын үшін матч

«СДЮШОР № 7» - «ОСДЮСШ № 2» - 1:0

Гол: Айша Садықова 115 мин.

Финал

«БИІК - Қазығұрт» - «Оқжетпес» - 1:0

Гол: Гүлнара Габелия 59 мин.

Қазақстан Кубогының сұрмергендері:

Келин Корт («БИІК - Қазығұрт») – 5 доп.

Чинвенде Ихезуо («БИІК - Қазығұрт»), Гүлнара Габелия («БИІК – Қазығұрт») – 4 голдан.