«Астана» футбол клубы Премьер-Лига ойындарының 8-ші туры аясында сырт алаңда қарағандылық «Шахтерға» қарсы ойнап, 1:0 есебімен жеңіліп қалды. Ойын соңында елордалық команда капитаны Ненад Эрич матч туралы өз пікірімен бөлісті: - Бүгін маңызды 3 ұпайды жоғалқанымыз өте өкінішті. Дегенмен, жанкүйерлер үшін жақсы ойын болды деген ойдамын. Себебі, кездесу барысында көптеген қауіпті шабуылдар жасай алдық. Өкінішке орай, сен соқпасаң, саған гол соғады деген бар. Команда өте жақсы ойын көрсетіп, қарсылас команда қақпасы маңында қауыіпті шабуылдар ұйымдастарғанын ескерсек, өте ауыр жеңіліс болды. - Бүгінгі ойынға арнайы келген жанкүйерлердің қолдауын сезіне алдыңыздар ма? - Ойын барысында өз жанкүйерлеріміздің қолдауын сезіну өте керемет. Теміртауға арнайы келіп, бізге қолдау көрсеткен жанкүйерлерге барлық команда ойыншылары атынан ерекше алғыс білдіремін. Және де жеңіспен қуанта алмағынымыз үшін олардан кешірім сұрағым келеді. Бірақ, бұл футбол. Біз алға жылжуды жалғастырамыз.