Орта салмақта WBA Super, WBC, IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин Карсон қаласындағы StarHub кешенінде өткен жекпе-жекте қарсыласы америкалық Ванес Мартиросянды нокаутқа түсірді, деп хабарлайды Prosports.kz cайты.

Алғашқы раунда бір-бірін бақылап, зерттеген соң, Головкин бірден ашық шабуылға көшті. Қарсыласын соққының астына GGG-дің қарқынына Мартиросян төтеп бере алмады.

Осылайша, жекпе-жек екінші раунд басталмай жатып аяқталды. Ал Геннадий Головкин болса 38-ші жеңісіне қол жеткізді.