«Ақтөбенің» бас бапкері Қазақстан чемпионаты аясындағы «Атыраумен» болған ойын жайлы ойын білдірді.

-Қиын ойын болды. Батыс дербиі. Турнирлік кестеде төменде орналасқан командалар кездесіп, екеуі де жеңгісі келді. Бірінші таймда бәрі ойдағыдай болды, біз қарсыласқа ештеңе жасатпадық. Гол соғып, ойын барысын қадағалап отырдық. Екінші таймда қатты соққан желге қарамастан, біз нашар ойнамадық, қорғаныстан шабуылға жақсы шығып отырдық. Екінші гол соғатын мүмкіндікке ие болған едік, бірақ ол мүмкіндікті пайдалана алмадық. Кейбір ойын сәттерінде мұқияттылық жетіспей жатты, соның себебінен өз қақпамызға гол соқтырып алдық. Біз бүгін жеңіске әбден лайықты ойнадық, сондықтан да көңіліміз жабырқаңқы.

Дереккөз: «Ақтөбе» ФК баспасөз-қызметі.