Қазақстан Премьер лигасының сегізінші туры аясында шымкенттік «Ордабасы» өз алаңында «Ертісті» қабылдады, деп хабарлайды prosports.kz.Ел футболындағы ең үздік клубтар қатарынан саналатын қос ұжым да соңғы кездері сәл қиын жағдайға тап болды. Шымкенттіктер UEFA-ның кәріне ұшырап, Еуропа лигасына қатысу мүмкіндігінен айырылды. Ал павлодарлық клуб бас бапкерсіз қалды. Осындай сүреңсіз істерге қарамастан бүгінгі ойын аса тартысты өтті. Алаң иелері UEFA-ға кеткен есесін «Ертістен» алғысы келгенімен, қонақтарды тас-талқан етіп талқандап тастау қолдарынан келмеді. Бірінші таймда қос команда да гол соға алған жоқ. Ал екінші таймның басында алаң иелері сапынан Бочаров есеп ашты. Осы голдан кейін қос тарап та барынша шабуылдап баққанымен, есеп өзгерген жоқ.

Қазақстан Премьер лигасы. Сегізінші тур«Ордабасы» - «Ертіс» 1:0 (0:0)

Гол соққан: Бочаров Никита '54

«Ордабасы»: Нарзикулов (Қ), Спахия, Фонтанелло, Бочаров, Диакате, Бертольо, Нагаев, Төлебек (К), Досмағамбетов, Жақсыбаев, Тұңғышбаев.

«Ертіс»: Бекбаев (Қ), Кисляк, Аврамия, Гомес Рамирес, Салами Фуад, Фонсека, Стаменкович, Шмидт, Воменко, Есімов (К), Калинин.