Қарағанды қаласында шорт-тректен Қазақстан кубогы үшін жарыстан БҚО құрамасы олжалы оралды.

Шорт-трек бапкері Максим Лозовойдың айтуынша, аталмыш бәсекеге Астана, Алматы қалалары, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының спортшылары қатысты. БҚО-дан жеті жігіт, бес қыз сынға түсті. Ерлер мен қыздар құрамасы эстафеталық сында жүлделі орынға табан тіреді. Жекелей сында Данабек Хайыров ерекше көзге түсіп, 1500, 500 және 1000 метр қашықтықта жеңімпаз атанып, суперфиналда алтыншы сатыға шықса, қорытынды есепте бірінші орынды жеңіп алды. Сондай-ақ Азамат Сұлтанғалиев 1 мың метрден үшінші болып келді. Қыздардан Гүлнұр Ғаниева 1500 және 500 метр қашықтықта және суперфиналда үшінші, 1000 метрден екінші, қорытындыда үшінші орынға көтерілді. Сонымен қатар Анита Нагай да жақсы көрсеткіштерімен көрінді.