Қазақстандық бокс жанкүйерлері WBA Super, WBC, IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин мен америкалық Ванес Мартиросян арасындағы жекпе-жекті отандық телеарнадан көре алатын болды, деп хабарлайды prosports.kz сайты.Қазақстан Телерадиокорпорациясы аталған жекпе-жекті трансляциялау туралы алдын ала уағдаластыққа қол жеткізгенін мәлімдеді. Қазақстандық жанкүйерлер 6 мамыр күні таңғы сағат 07:00-де «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан аталған бокс кешін тікелй эфирде тамашалай алады.