Мәскеуде АСВ 86 турнирінің қатысушылары ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Оған Қазақстанның екі спортшысы қатысады.

Жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін Арман Оспанов (8-2) Акоп Степанянмен (25-10) жекпе-жек алдында 65,6 келі болды, ал оның қарсыласы – 66,3 кг.

Жартылай ауыр салмақта сынға түсетін Асылжан Бақытжанұлы (7-0) 92,4 келі болды. Ал оның қарсыласы Муслим Магомедов таразыда 93,3 келіні көрсетті. Бақытжанұлы бұл кездесуде жеңіске жетсе, чемпион Батраз Агнаевқа қарсы титулды жекпе-жек өткізуі керек.

Естеріңізге салсақ, АСВ 86 турнирі 5 мамырда өтеді. Қазақстандық спортшылардың кездесулері Астана уақытымен 21:00-ден кейін басталады.