Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен америкалық Ванес Мартиросян жекпе-жек алдында салмақ өлшеді.

Головкин таразыда 160 фунт көрсетті. Ал Мартиросянның салмағы – 159,6 фунт. Осылайша, екі боксшы да орта салмақ дәрежесінің лимитінен асқан жоқ.

Естеріңізге сала кетсек, жекпе-жекке 30 күн қалғанда боксшылар салмағы мынадай болған: Головкин – 165,8 фунт, Мартиросян – 170 фунт.

Ал бір апта қалғанда Головкин 162,9 фунтқа дейін салмақ тастаса, Мартиросян таразыда 167,1-ді көрсетті.