WBA Super, WBC, IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес өз шәкірті туралы ойын айтты.

«Егер сен тәртіп, техника мен таймингті жаттықтырмасаң, бір ғана күш ештеңе бермейді. Күш-қуаты мықты жігіттер бар, олар жоғары деңгейге жету үшін дұрыс дайындалмайды. Меніңше, тәртіп, адалдық пен талмай еңбек етуі Геннадийді үздік қылып тұр», - деді Санчес AFP-ге берген сұқбатында.

Айта кетейік, Головкин келесі жекпе-жегін 5 мамырда Карсондағы StubHub Center аренасында өткізеді. Оның қарсыласы америкалық Ванес Мартиросян болмақ.