Геннадий Головкин бокс әлемінде көп қаржы табатын боксшылар қатарында екендігі сөссіз.

Дәл қазіргі жағдай бойынша табыс көлемі жағынан Головкиннің алдын тек максикалық Сауль Альварес пен британиялық Энтони Джошуа орап тұр.

Геннадий Головкин өзінің соңғы тоғыз кездесуінде 40 миллионға жуық доллар тапқан. Дәлірек айтсақ 39.750.000 доллар.

Бүгінгі күнге дейін Головкин мексиалық Сауль Альвареспен болған кездесуде ең көп қаржы тапқан. Тең есеппен аяқталған жекпе-жекте Головкин 25 миллион доллар тапқан екен.

Британиялық Келл Брукпен болған кездесу қазақстандықты төрт миллион долларға байытқан.

Алдағы Ванес Мартиросянмен болатын кездесуде қазақстандық боксшы 1.5 – 2 млн доллар табады деп күтілуде.