Қарағандылық «Шахтердің» негізгі құраманың бес ойыншысы «АЗ» Алкмаарға қарсы кездесуге аттанбады.

Атап кетсек, Александр Мокин, Алдин Джидич, Андрей Порываев, Гедиминас Вичюс пен Сергей Хижниченко Қарағандыда қалды. Бұған себеп бапкерлер алдағы ел кубогының финалына аталған ойыншыларға демалыс беруін жөн көрді.