Бұрынғы әлем чемпионы Рикки Хаттон ауыр салмақтағы әлем чемпионы Тайсон Фьюридің секунданты болмақ, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бен мен Тайсон мен олармен бірге екендігімді біледі. Егер олардың өздері қаласа мен көмек қолын созуға дайынмын- деді Хаттон.

Естеріңізге салсақ, Фьюри келесі кездесуін тоғызыншы маусымда Манчестердегі Manchester Arena спорт сарайында өткізеді.

Айта кетсек, Рикки Хаттон қазақстандық боксшы Жанат Жақияновтың бапкері болған еді.