Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы 6 маусым күні Ұлыбритания астанасы Лондонда өтетін бокс кешіне қатысатын боксшылардың тізімін жариялады, — деп хабарлайды Рrosports.kz Qsport.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған бокс кешінің басты жекпе-жегінде бірінші ауыр салмақтағы Лоуренс Околи (8-0, 6 КО) мен Люк Уоткинс (13-0, 9 КО) кездеспек. Сондай-ақ, бұл күні шаршы алаңға кәсіпқой боксқа енді ғана ауысқан Данияр Елеусінов те шығады. Әзірге қазақстандық былғары қолғап шеберінің қарсыласы белгісіз.

Бокс кешінің аңдамалығын Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы твиттердегі парақшасында жариялады.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов жақында ғана атақты промоутерлердің бірі Эдди Хирнмен келісімшартқа отырған болатын. Отандасымыз кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін Barclays Center аренасында өткізіп, жеңіске жеткен.