Футболдан жастар құрамасының жартылай қорғаушысы 18 жастағы Сабина Ргаева Түркияның жоғарғы лигасындағы «1207 Антальяспор» клубымен келісімшарт жасасты. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

Ргаева бұрын да «1207 Антальяспор» сапында болған. Түркиялық командада ол 51-ші нөмірмен өнер көрсетеді.

Fiftywan inc регламенті бойынша, компания атынан бұл сан танымал спортшыларға ғана беріледі екен. Футболшының менеджері Динара Жағыпарованың айтуынша, 51-ші нөмір бос болмаған, алайда клуб президенті Сулейман Тюрк қазақстандық серіктестеріне осы нөмірді иемденуге рұқсат берген.

Сондай-ақ Ргаеваға ресейлік және испаниялық клубтар қызыққан. Қазақстанда Сабина «Астана 1964» және «Шахтер» клубтары сапынла өнер көрсетті.

Айта кетейік, Ргаева Түркия чемпионатындағы клубпен келісімшартқа отырған бірінші қазақстандық қыз.