Қазақстандық Галина Воскобоева ресейлік теннисші Анастасия Потаповамен бірге Химкиде өткен ITF сериясындағы турнирдің 1/8 финалында ұтылып қалды.

Воскобоева мен Потапова ресейлік Натале Дзаламидзе және серб Нина Стоянович жұбына 6:4, 6:2 есебімен жол берді. Матч бір сағат, алты минутқа созылған.