«Барселонаның» жартылай қорғаушысы Андрес Иньеста Қытайға ауысса, жалақысы көп футболшылар қатарына енуі мүмкін.

«Чунцин Лифань» 33 жастағы испаниялыққа үшжылдық келісімшарт пен сол уақыт ішінде 81 миллион еуро жалақы ұсынған. Осылайша, ол Қытайдағы бір жылында «Барселона» сапында алатын үш жылдық жалақысын табады.

Иньеста Лионель Месси мен Неймардан ғана аз алатын болады.