Артем Кучин өскемендік «Восток» пен семейлік «Спартак» арасындағы плей офф матчында төрелік етеді. 
 
Бұл туралы Кәсіпқой футбол лигасының сайты хабарлайды. Кучиннің көмекшілері боп Елеш Құсайнов пен Әлібек Әубакіров тағайындалды.
 
Естереңізе сала кетсек, кездесу 6-шы қараша күні «Астана Аренада» өтеді. Матчтың басталу уақыты 19:00-де.
 
Премьер-лигаға жолдама үшін плей офф кездесуі. 6 қараша.
«Спартак»-«Восток»
Төрешілер: Артем Кучин (Қарағанды), Елеш Құсайнов, Әлібек Әубакіров (екеуіде - Астана)
Қосалқы төреші: Марат Ысқақов (Астана)
Инспектор: Олег Соколов (Астана).