Жастар ұлттық құрамасы U-19 Талғарда оқу жаттығу жиындарын өткізуде. Артынша құрамамыз Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Сербияға аттанады.
 
Команданың бас бапкері Михаил Соловьев ОЖЖ-на шақырту жіберген ойыншылар:
 
Қақпашылар: Михаил Голубничий («Ертіс» Павлодар); Тимурбек Закиров («Бәйтерек» Астана); Илья Караваев («Қайрат» Алматы)     
 
Қорғаушылар:  Юрий Кузьменко («Ертіс» Павлодар); Ислам Шадукаев («Тобыл» Қостанай); Кирилл Сухоносенко («Ертіс» Павлодар); Алексей Маров («Атырау»); Аскат Ермекұлы («Ордабасы» Шымкент); Константин Хан («Сұнқар» Қаскелен); Әбілқайыр Исмаилов («Астана»); Саламат Өсербай («Сұнқар» Каскелен)
 
Жартылай қорғаушылар: Абай Жүнісов («Астана»); Әлімжан Тұржанов («Ордабасы» Шымкент); Әлішер Сулей («Тобыл» Қостанай); Әнуар Жағыппар («Қайрат» Алматы); Нұрлан Даиров («Қайрат» Алматы); Юрий Чифин («Ертіс» Павлодар); Александр Шарифуллин («Астана»)
 
Шабуылшылар: Абат Әймбетов («Ақтөбе»); Мадияр Раимбек («Қайрат» Алматы); Біржан Сағындық («Астана - 1964»); Еркебұлан Тұнғышбаев («Қыран» Шымкент); Владислав Морозов («Восток» Өскемен)
 
ОЖЖ-ның қорытындысы бойынша Михаил Соловьев шақырту алған 23 ойыншының арасынан 18-ін теріп Сербияға аттанады. Соңда жерлестеріміз Сербиядан басқа Австрия мен Финляндия құрамаларына қарсы кездесу өткізеді.