Чемпиондар лигасының финалына алғашқы болып «Реал» клубы шықты. Мадридтік команда соңғы үш жыл қатарынан финалға шығып отыр.

«Реалдың» финалдағы қарсыласы бүгін Римде белгілі болады. Жергілікті «Рома» «Ливерпуль» клубын қабылдайды. Алғашқы ойында 5:2 есебімен «Ливерпуль» жеңіске жеткен еді. Бүгін римдік командағы финалға өту үшін қарсылас қақпасына жауапсыз үш гол соғу қажет.