Атақты ағылшын футболшысы Дэвид Бекхэмнің үлкен ұлы «Манчестер Юнайтед» жасөсіпірімдер академиясына қабылданды.

Манчестерлік клуб КПР-дың балалар командасында өнер көрсететін 14 жастағы Бруклинге ұсыныс тастапты. Әкесінің жолын қууды армандайтын Бруклин бұл ұсынысты жерге тастай алмаған.

Бруклин футболмен АҚШ-та «Лос-Анджелес Гэлаксидің» балалар командасында бастаған.