Жоғары хоккей лигасы аясында Қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубы өз алаңда «Қазцинк-Торпедоны» ойсырата ұтты.

Бұл ойында алаң иелері есепті бірінші болып ашты. Олар «Қазцинк-Торпедоның» екі минуттық айып уақытын шебер пайдаланып, бір ойыншыға артық құрамда қақпашыны қапы қалдыра білді. Осылайша, матчтың алашқы минуттарында «Сарыарқа» алға шықты. Ал бірінші кезеңнің ортасында тағы бір шайбаны соғып, есепті 2:0-ге жеткізді. Екінші кезеңнің басында Анатолий Васильев дубль жасаса, Сабахудин Ковачевич есеп айырмасын 4:0-ге дейін апарды. Үшінші кезеңде «Сарыарқа» өз басымдығын тағы да ұлғайтты. Өскемен қаласының хоккей клубы оған еш жауап бере алмады. Қорытынды есеп - 5:0. 

Осы ойыннан кейін «Сарыарқа» тағы үш ұпайға ие болып, жалпы турнир кестеcінде 32 ұпаймен бірден 6-шы орынға көтерілді. Ал «Қазцинк-Торпедо» осымен төртінші рет ұтылса да, 4-ші орнын сақтап келеді. Оның еншісінде 36 ұпай бар.