Жақында ғана Қазақстан азаматтығын алған швед қақпашысы Хенрик Карлссон «Барыс» командасымен келісімшарт мерзімін ұзартты, деп жазады Prosports.kz.

Бұл ақпаратты «Барыс» хоккей клубының ресми сайты жариялады. Қақпашы енді елордалық клуб сапында 2020 жылдың 30 сәуіріне дейін өнер көрсететін болады.

Осының алдында БАҚ-та Карлссон клубпен келісімшартты бұзғаны туралы ақпарат тараған болатын. Алайда, бүгін Қазақстан құрамасының қақпашысы «Барыс» клубының ойыншысы болып қала беретіні белгілі болып отыр.

- Команда сапында тағы 2 жыл бойы қалатыныма өте қуаныштымын және мақтанамын. Мен үздік маусымды өткізіп, командамызға плей-оффқа жетуге көмектесу үшін тамызды күтіп отырмын. Әрдайым мені және біздің командамызды қолдаған жанкүйерлерге ризашылығымды білдіремін, - деді Карлссон.