Футболдан Ағылшын Премьер-лигасының 10-шы турында қызық оқиға орын алды.

«Сток Сити» мен «Саутгемптон» арасындағы ойында ерекше оқиға орын алды. «Сток Сити» қақпашысы Асмир Беговичтің ойынның 12-секундында өз айып алаңынан тепкен добы Артур Боруцтың қақпасынан табылды. Бегович - Англия чемпионатында гол салған бесінші қақпашы.