Футзалдан алматылық «Қайрат» пен Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Какау Біріккен Араб Әмірлігінен ұсыныс алды.

Бразилиялық маманға жергілікті клубтардың бірінен ұсыныс түскен. Қаржылық тұрғыдан алып қарағанда ең үздік ұсыныс деуге болады, алайда Какау үзіліс алған. 46 жастағы маманның қолында Испания және Румыниядан ұсыныстар бар.

Румынияда бразилиялық бапкер ұлттық құрама мен клубтардың бірін жаттықтырады. Сондықтан, Какауға осы ұсыныс ұнап отыр.

Естеріңізге сала кетсек, Какау наурыздың соңында ел чемпионатында кезекті рет жеңімпаз болған соң «Қайраттан» кеткен болатын.