Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева (84) Рабаттағы (Марокко) WTA турнирінің 1/8 финалына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Отандасымыз аталған турнирдің негізгі кезеңінің алғашқы айналымында испаниялық Сара Соррибес-Тормодан (129) айласын асыра алмады.

2 сағат 15 минутқа созылған тартысты кездесу 6:7, 0:6 есебімен испан қызының пайдасына шешілді.