Қазақстандық ережесіз жекпе-жек шебері Алтынбек Думанұлы «ABADANFC» чемпиондық белбеуін табысты қорғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алтынбек 29 сәуірде Қарағандыда өткен ММА халықаралық турнирі кешінің басты жекпе-жегінде бұрын жеңіліп көрмеген бразилиялық жекпе-жек шебері Джеферсон Де Оливейрамен күш сынасты. Қазақстандық төрешілердің бірауыздан шешімімен қарсыласын жеңіп, ABADAN FC тұжырымы бойынша чемпиондық белбеуін қорғап қалды.

Осы кеште тағы бір қазақстандық жекпе-жек шебері Мырза Еркінбеков өзбек файтері Мухамеджон Каюмовты бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.