Қазақстандық теннисші Денис Евсеев қатарынан үш жарыста жеңімпаз атанып, Кәсіпқой теннисшілер Қауымдастығының (ATP) жаңартылған рейтингісінде 56 орынға көтерілді, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Шымкентте өткен ITF сериясының жарысының ақтық сынында ресейлік Теймураз Габашвилиді жеңіп, топ жарған. Кездесу екі сетке ғана созылып, 6:2, 6:3 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына шешілді.

Осылайша, Денис Евсеев үш турнирде қатарынан жеңімпаз атанып отыр. Денис ATP-тың жаңартылған рейтингісінде 476-шы орыннан 421-ші сатыға көтерілген. Ал Александр Бублик 142-ші, Михаил Кукушкин 96-шы.