Бірінші орта салмақтағы IBF тұжырымы бойынша бұрынғы әлем чемпионы Корнелиус Бандрейдж қазақстандық Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) жайлы пікірін білдірді.

"GGG-ді жақсы көремін, бірақ оның бокстағы дәурені аяқталып келе жатыр. Адамдар онымен жұдырықтасуға қорқатын кездер болды. Ол өз заманының Майк Тайсоны бола білді, бірақ қазір олай емес", — деп жазды Бандрейдж твиттерде.

36 жастағы Головкин орта салмақтағы WBA Super, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы титулдарын иеленіп отыр. Геннадий келесі жекпе-жегін 5 мамырда Карсонда (АҚШ, Калифорния штаты) өткізеді. Оның қарсыласы америкалық Ванес Мартиросян (36-3-1, 21 КО) болады.