Goal.com сайтының мәлімдеуінше, Мадридитік «Реалдың» бас бапкері Карло Анчелотти ФИФА президенті Зепп Блаттердің айтқан сөзіне наразы.

Естеріңізде болса, Блаттер бірнеше күн бұрын Криштиану Роналдуны жақтырмайтынын аңғартқан. Артынша көпшілік қауымнан кешірім сұрады.

«Меніңше айтылар сөз айтылды. Блаттер ойындағысын жеткізді. Кей кездері бірдеңе айтпас бұрын әбден ойланып алған жөн. Криштиану Роналду – барша әлемді тәнті еткен заңғар ойыншы» – деді Анчелотти.