"Ең үздік футболшылар Испания чемпионатында ойнауы керек, сол үшін де Неймардың қайтып келуіне мен қуанышты болар едім", - дейді каталондық құрама басшысы.

2017 жылы қараша айында Неймар Бартомеуден өзін "сатпауын" қаншама өтінсе де. трансфер орын алып, каталондық клуб ойыншыны франциялық "ПСЖ" құрамасына 222 млн долларға сатқан болатын.

Испанияның Mundo Deportivo басылымының ақпараты бразилиялық шабуылшы франциялықтардың футбол деңгейінен көңілі қалып, Испания біріншілігіне ауысқысы келетінін жазған болатын. Неймар өзінің әкесі Неймар Да Силва Сантосқа мадридтік «Реалмен» келіссөздерді бастауды сұраған.

БАҚ өкілдеріне сенсек, футболшы 2019 жылы жазда "кілегейлер" тобына ауысады.