Орта салмақтағы украиналық боксшы американдық қарсыласы Тодд Мануэльді төртінші раундтың үшінші минутында нокаутқа түсірді.

Жекпе-жек АҚШ-тың Калифорния штатындағы Ирвин қаласында өтті.

Бұған дейін 22 жастағы Сергей Богачуктың кәсіпқой бокстағы жеті рет кездесуге шығып, оның барлығында жеңіспен аяқтаған болатын.

Естеріңізге сала кетсек, украиналық боксшы қазақстандық боксшы Аббель Санчестің жетекшілігінде Геннадий Головкинмен бір залда жаттығады.

BoxRec-тің хабарлауы бойынша, Богачуктың кәсіпқой бокстағы алғашқы титул үшін жекпе-жегі 22 мамырда Голливудта өтеді.