«Астана» Премьер-Лиганың 19-шы туры аясында «Қызыл-Жар СК» командасына қарсы ойнап, 2:0 есебімен басым түсті. Бұл туралы клубтың баспасөз-қызметі мәлім етті.

Астаналықтар осы жеңістің арқасында петропавлдықтарға қарсы өткізген екі команда тарихындағы төрт кездесудегі төртінші жеңісіне жетті.

Елордалық команда алғаш рет «Қызыл-Жар СК» командасымен 2009 жылы кездесіп, ол кездесулерде «Локомотив» екі рет жеңіске жеткен еді. Бірінші айналымда астаналықтар Андрей Тихоновтың голының арқасында 1:0 есебімен жеңсе, ал жауапты кездесуде 2:0 есебімен басым түсті. Петропавлдағы ойында Жамбыл Кукеев пен Мадияр Муминов нәтижелі соққыларымен көзге түскен еді.

Ал келесі ойынды 7 жыл күтуге тура келді. 2016 жылғы маусымда «Астана» Қазақстан Кубогының 1/4 финалында Қарасай стадионында 3:2 есебімен жеңіске жетті. Ол кездесуде Джордже Деспотович дубль авторы атанса, тағы бір голды Асхат Тағыберген өз еншісіне жазды.

Араға екі жыл салып астаналықтар Патрик Твумасидің соққан екі голының арқасына тағы бір жеңіске жетті. «Қызыл-Жар СК» және «Астана» арасындағы келесі ойынның да ауылы алыс емес. Екі команда 9 мамыр күні «Астана Арена» стадионында кездеседі. Ал «Астана» ертең, 29 сәуір, өз алаңында қостанайлық «Тобылды» қабылдайды.