Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев алдағы қарсыласының есімін білді.

Батыр аргентиналық Джонатан Хосе Эниспен жұдырықтасады. Кездесу 26 мамырда Канадада өтеді.

Бұл қазақстандық боксшы үшін кәсіпқой рингтегі 13-ші жекпе-жек болмақ. Соңғы кездесуінде ол Ноэ Нуньесті бірінші раундта нокаутқа түсірген еді.